Мұз айдындары саябақтарда, ірі спорт ареналарының маңында, сауда орталықтары мен тұрғын алаптарда ашылады. Олардың жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады.
Биыл алғаш рет бес тегін мұз айдыны Flow Park аумағында, Алматы ипподромында, Шұғыла шағынауданындағы №221 мектепте, Сәкен Сейфуллин атындағы саябақта және "Сұңқар" шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде жабдықталады.
Мұз айдындары қайда ашылады?
- Алатау ауданында – "Алматы Арена" аумағында;
- Алмалы ауданында – ҚБТУ аумағында;
- Әуезов ауданында – Family Park саябағында;
- Бостандық ауданында – Ганди көшесіндегі Тұңғыш Президент қорының саябағында, Flow Park-та, "Сұңқар" шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде, Esentai Mall, Villa Boutiques & Restaurants және MEGA Alma-Ata сауда орталықтарында;
- Жетісу ауданында – Алматы ипподромында және Көкжиек шағынауданындағы Kokjiek Garden аумағында;
- Медеу ауданында – "Терренкур" саябағында, "Халық Аренада", 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта, Dostyk Plaza сауда орталығында, Haragun ат клубында және Орталық мәдениет және демалыс саябағында;
- Наурызбай ауданында – Шұғыла шағынауданындағы №221 мектеп аумағында;
- Түрксіб ауданында – Сәкен Сейфуллин атындағы саябақта.
Мұз айдындарын желтоқсан айында ашу жоспарланып отыр. Нақты мерзімі ауа райына байланысты белгіленеді.
Тегін мұз айдындарының жұмыс кестесі
Тегін мұз айдындарында күн сайын сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін сырғанауға болады. Әр алаңда көпшілікке арналған төрт сырғанау сеансы ұйымдастырылады. Әрбір сеанс 2,5 сағатқа созылады.
- 10:00-12:30
- 13:30-16:00
- 17:00-19:30
- 20:30-23:00
Сеанстар арасындағы үзілісте мұз келесі сырғанау уақытына дайындалады. Тегін мұз айдындарына келушілер конькиімен сырғанай алады немесе конькиді ақылы түрде жалға ала алады. Конькиді жалға алу құнын қызмет көрсетуші ұйымдар белгілейді.