Қазақстан су шаруашылығын технологиялық тұрғыдан жаңартпақ: не өзгереді

Фото: pixabay
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі отандық өндірісті дамытуға және су шаруашылығы саласының импортқа тәуелділігін азайтуға бағытталған жол картасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол картасында 13 іс-шара көзделген. Олардың қатарында су есептегіш құралдар шығару, гидротехникалық құрылыстарды автоматтандыру, цифрлық технологияларды енгізу және ғылыми әзірлемелерді дамыту бар. Сондай-ақ салаға технологиялық аудит жүргізу, жабдықтардың тәжірибелік үлгілерін жасау және отандық әзірлемелердің тізілімін құру жоспарланған.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышевтің айтуынша, соңғы екі жылда Қазақстанда суды үнемдейтін суару жүйелеріне арналған жабдық шығаратын зауыттар саны төрттен жетіге дейін өсті.


"Министрлік су қорын қорғау және пайдалану саласындағы қолжетімді ең озық технологиялардың тізбесін әзірледі. Сондай-ақ ведомство жас ғалымдардың әзірлемелеріне және Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметіне қолдау көрсетіп келеді", – деді Талғат Момышев.

Бұған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі "Ирригация және дренаж туралы" заң жобасына қатысты реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлегені хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды