Қазақстанда мыс, алюминий және мырыш өңдеу көлемін екі есе арттыру жоспарланып отыр

Фото: primeminister.kz
2026 жылғы 23 қарашада Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Құрылтайдағы Үкімет сағатында ел экономикасындағы құрылымдық өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2024 жылдан бері үшінші жыл қатарынан өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі тау-кен өнеркәсібінің үлесінен жоғары болып отыр.

"Соңғы үш жылда өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 14,5%-ға артты. Осы кезеңде салаға салынған инвестиция екі есе өсіп, 3 трлн теңгеге жетті. 2026 жылдың алғашқы он айында өндіріс көлемі 9,3%-ға өсті. Бұл – соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш", – деді министр.

Нағаспаевтың сөзінше, өңдеу өнеркәсібінде өндірілетін өнімнің шамамен 40%-ы металлургия саласына тиесілі.


"2029 жылдың соңына дейін мыс, алюминий және мырыш өңдеу көлемін екі есе, ал қорғасын өңдеу көлемін 14%-ға арттыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ түсті металл концентраттарын ел ішінде өңдеуді ынталандыру үшін арнайы әдістеме бекітіліп, заңнамаға енгізілетін өзгерістер әзірленді. Негізгі мақсат – отандық кәсіпорындардың толық қуатпен жұмыс істеуіне жағдай жасау және жаңа жобаларды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету. Мәселен, 2030 жылға дейін Қарағанды облысы мен Абай облысында әрқайсысының қуаты 300 мың тонна болатын екі мыс балқыту зауытын салу жоспарланған. Осы тетік арқылы жаңа зауыттар да қажетті шикізатпен қамтамасыз етіледі", – деді Нағаспаев.

Бұған дейін депутат Дания Еспаева отандық өңдеу өнеркәсібін дамыту жолдары туралы айтқан еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды