Алматыны кешке қарай неге қалың тұмша басады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда таңертең тау анық көрінеді, ал кешке қарай қаланы сұрғылт тұмша басады. Алматы әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі бұл құбылыстың себебін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала үстінде түтіннің жиналуына Алматының географиялық орны да әсер етеді. Қала тау етегіндегі қазаншұңқырда орналасқан. Күндіз күн сәулесі жер бетін қыздырады. Жылы ауа жоғары көтеріліп, онымен бірге түтін де тарайды. Кешке қарай жер беті салқындайды. Таудан төмен түскен суық ауа қалаға жиналып, оның үстінде жылы ауа қабаты қалады. Қыста жел соқпаса, мұндай жағдай бірнеше күнге созылуы мүмкін.

"Температуралық инверсия кезінде суық ауа жер бетіне жақын жиналады. Ал оның үстіндегі жылы ауа қабаты түтін мен көліктен шыққан газдардың таралуына кедергі келтіреді", – деп түсіндірді қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері.

Әкімдік мәліметінше, 2025 жылы Алматыда атмосфераға шамамен 189 мың тонна ластаушы зат шығарылған. Оның 60%-ға жуығы автокөліктердің үлесіне тиеді. Қалған бөлігі қазандықтардан, көмір мен отын жағатын пештерден, кәуапханалардан, моншалардан және шағын өндіріс орындарынан тарайды.

"Табиғи жағдайды өзгерте алмаймыз, бірақ ауаға тарайтын зиянды заттардың көлемін азайту қолымыздан келеді. Қоғамдық көлікті жиі пайдаланыңыздар, қоқыс жақпаңыздар. Газ желісі тартылған жерлерде көмір мен басқа да қатты отынның орнына табиғи газ қолданыңыздар", – деді әкімдік өкілдері қала тұрғындарына.

Сонымен қатар Алматы жолдарында қозғалыстағы көліктерден шығатын газды қашықтан өлшейтін технология сынақтан өткізіле бастады. Бұл әдіс көліктерді тоқтатпай-ақ, олардың шығарындыларын өлшеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды