Қазақстанда пойызды абайсызда тоқтатқан шетел азаматына айыппұл салынды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтөбе облысында жолаушының абайсыз әрекетінен жолаушылар пойызы шұғыл тоқтатылды. Салдарынан пойыз қозғалыс кестесінен ауытқып, 19 минутқа кідірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 24 қарашада Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, оқиға Қандыағаш пен Жем станцияларының аралығында болған.

Қандыағаш станциясында тәртіп сақшылары пойыздың шұғыл тежеу тұтқасын (стоп-кран) абайсызда тартып қалған 51 жастағы шетел азаматын жауапкершілікке тартты.

"Биыл жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуіне қатысты 1383 жағдай тіркелді. Оның 15-і шұғыл тежеу тұтқасын негізсіз іске қосу салдарынан болған. Мұндай әрекеттер пойыздардың қозғалыс кестесін бұзып қана қоймай, жолаушылар мен пойыз бригадасының қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді. Тіпті ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін", – делінген ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты полицейлер шұғыл тежеу тұтқасын тек төтенше жағдайларда пайдалануға болатынын еске салып, теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Бұған дейін Қазақстанда мал жаю және малды теміржол арқылы айдап өткізу қағидаларын бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері екі есеге ұлғайтылуы мүмкін екені хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады