Геннадий Головкин Михаил Шайдоровқа Ұлттық олимпиада комитетінің ең жоғары наградасын табыстады

Сурет: Instagram/olympickz
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) ең жоғары наградасы – ҰОК орденімен марапатталды. Орденді 22 жастағы спортшыға комитет президенті Геннадий Головкин өзі табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марапаттау рәсімі 2026 жылғы 25 қарашада Астанада ҰОК Бас ассамблеясы аясында өтті. Михаил Шайдоров биыл мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

Геннадий Головкин отандық спорт пен олимпиадалық қозғалыстың дамуына үлес қосқан өзге де спортшылар мен спорт саласының өкілдерін марапаттады.

Бұған дейін, 2026 жылғы 25 ақпанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XXV қысқы Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістіктері үшін Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен, ал оның кеңесші жаттықтырушысы Алексей Урмановты ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттаған еді.

19 қарашада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Шайдоровтың Урмановпен келісімшартты бұзғанын растады. Ал 20 қарашада мәнерлеп сырғанаушы жаттықтырушысымен бірлескен жұмысының аяқталғаны туралы алғаш рет пікір білдіріп, жанкүйерлеріне үн қатты.

Қазақстан
Головкин Геннадий
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Алматыда қар жауып, күн суытады, Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанға циклон жақындап келеді: 26 қарашада қар, жаңбыр жауып, жел күшейеді