"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, ел аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын мол түседі. Ал Жетісу облысы мен Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар жауады.
Сондай-ақ метеорологтар желдің күшейетінін, көктайғақ пен түнде және таңертең тұман түсетінін ескертті. Бұдан бөлек, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталық өңірлерінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.
Мамандардың мәліметінше, желдің екпіні мына өңірлерде ерекше күшейеді:
- Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында;
- Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында;
- Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында;
- түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарының батысында, солтүстігінде және шығысында.
"Бұл өңірлерде желдің екпіні секундына 30 метрге және одан да жоғары жылдамдыққа жетуі мүмкін", – деп ескертті "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.