Әлеуметтік желіде "Атыраулық хакер" атымен танылған азаматқа үкім шықты

Сурет: Zakon.kz
Атырауда әлеуметтік желіде "Атыраулық хакер" атымен танылған 32 жастағы Нұрлан Жанбырбаевқа қатысты сот процесі аяқталды. Ол бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімді 2026 жылғы 26 қарашада судья Эльмира Ойқұлова жариялады.

Сот Нұрлан Жаңбырбаевты кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы Абылайхан Әбужанов сотталушыны 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда рақымшылық туралы заңды қолдануды ескере отырып, прокурор жазаны төрттен біріне қысқартып, түпкілікті 3 жыл 6 ай жаза тағайындауды ұсынды.

Соңғы сөзінде Нұрлан Жаңбырбаев соттан өзін бас бостандығынан айырмауды сұрап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өтеуге уәде берді. Оның айтуынша, ақшаның басым бөлігі қайтарылған, ал қалған берешек шамамен 2 млн теңгені құрайды. Сотталушы бұл соманы да қайтаруға ниетті екенін жеткізді.

Қылмыстық іс бойынша 12 адам жәбірленуші деп танылған. Бұған дейін жарияланған мәліметтерге сәйкес, келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 13 млн теңге болған. Оның 9 млн теңгеге жуығы жәбірленушілерге қайтарылған.

Сот талқылауы кезінде Нұрлан Жаңбырбаев үйқамақта болған.

Айта кетейік, Нұрлан Жаңбырбаев Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасының жоғалып кетуіне қатысты резонансты оқиғадан кейін кеңінен танылды. Ол әлеуметтік желіде өзін "Атыраулық хакер" деп атап, жеке тергеуі барысында анықтағанын айтқан мәліметтерді жариялап отырған.

2026 жылғы қаңтарда Жаңбырбаев Түркия аумағында ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға жеткізілді. Алайда алаяқтыққа қатысты қылмыстық істің Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты тергеуге қатысы жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек