Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіні енгізуге арналған көрмені тамашалады

Сурет: akorda.kz
Ресейге жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Al Journey 2026 халықаралық конференциясы аясындағы іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін паш ететін стендтермен танысты.

Сурет: akorda.kz

Қазақстанның көрме алаңында "Технологиялық ұлт", Startup City, GovTech, Aitu, "Көлік және FinTech салаларындағы ЖИ" секілді алты негізгі бағыт қамтылған.Ресей тарапының экспозициясы білім беру, денсаулық сақтау, қала құрылысы, сот ісін жүргізу, мұнай өнеркәсібі және басқа да секторлардағы цифрлық шешімдерге арналған.

Сурет: akorda.kz

Екі елдің салалық ведомство басшылары жасанды интеллектіні қолдану арқылы жүзеге асырылып жатқан басым жобаларды таныстырды. AI Journey ("Жасанды интеллект әлеміне саяхат") – жасанды интеллект технологияларын әлемдік деңгейде дамыту мәселелеріне арналған дәстүрлі конференция.Іс-шара 2016 жылдан бері өткізіліп келеді.

Осы уақыт ішінде бұл жиын ЖИ саласындағы беделді халықаралық алаңға айналды.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек