ІІМ студенттерді зорлық-зомбылық пен бопсалау фактілерін жасырмауға үндеді

Сурет: polisia.kz
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейтті. Әсіресе зорлық-зомбылық, бопсалау, буллинг және басқа да құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға басымдық беріліп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Құралай Каринаның мәліметінше, оқу жылы басталғалы бері құқық қорғау органдары 566 құқықбұзушылықтың жолын кескен. Оның ішінде 23 ұсақ бұзақылық, тыйым салынған орындарда темекі шегудің 211 дерегі және көші-қон заңнамасын бұзудың 234 жағдайы бар.

"Студенттер жатақханаларына полиция қызметкерлері бекітілген. Қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, өткізу режимі қамтамасыз етілген. Сондай-ақ жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Түрлі бағыттағы 207 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Олардың қатарында студенттермен және оқытушылармен кездесулер, дәрістер, әңгімелесулер мен дөңгелек үстелдер бар", – деді Құралай Карина.

ІІМ жоғары оқу орындарының әкімшілігі зорлық-зомбылық фактілерін жасырмауы және студенттердің шағымдарын елеусіз қалдырмауы керегін атап өтті.

Министрлік қорқыту, бопсалау және басқа да заңсыз әрекеттердің құрбаны болған немесе куәгері атанған студенттерді полицияға дереу хабарлауға шақырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Мысыр Президентіне көңіл айтты

Жамбыл облысында прокурорлар қайталама қылмыстың алдын алу бойынша форум өткізді

Қыс қаһарына мінеді: елдің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды

Бокстан әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

Дауылды жел соғып, қалың қар жауады: 28 қарашаға арналған ауа райы болжамы