Жұмыстарды аяқтау мерзімі, қаланы энергиямен қамтамасыз ету сенімділігін арттыру және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту мәселелеріне баса назар аударылды.
Бүгінде 2-ЖЭО-ны табиғи газға көшіру жобасының жалпы дайындық деңгейі 97%-ға жетті. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын, жабдықтар іске қосылып, баптау жүргізілуде. Жаңғырту жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған.
Құрылыс алаңына 1 300 маман мен 83 бірлік техника жұмылдырылған.
Нысанды аралау барысында Нұрлыбек Нәлібаевқа стансаның жаңа қуаттарды іске қосуға дайындығы туралы баяндалды. Ұсынылған кестеге сәйкес, жабдықтарды 25 желтоқсанға дейін толық қосу жоспарланып отыр.
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
3-ЖЭО-да заманауи бу-газ жабдықтарын орнату арқылы стансаны реконструкциялаужалғасуда. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін стансаның электр қуаты 543,6 МВт-қа жетуі тиіс.
Нысанда 1 050 адам мен 79 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Аралау кезінде энергия блоктарын салу, жабдықтарды жеткізу және жаңа қуаттарды электр желілеріне қосу мәселелері қаралды.
Сонымен бірге екінші энергия блогының құрылысын бастау үшін аумақты дайындауда бірқатар техникалық қиындық туындағаны айтылды.Топырақтың инженерлік-геологиялық жағдайына, қолданыстағы қондырғыларды бөлшектеуге байланысты мәселелер бар.
Аталған факторлар құрылыс алаңын дайындау қарқынына, екінші энергия блогының құрылыс-монтаж жұмысын жедел бастауға кедергі келтіріп отыр.
Осыған байланысты анықталған техникалық мәселелерді уақтылы шешуге, бөлшектеу және дайындық жұмыстарын үйлестіруге, шектеулерді барынша азайтуға баса назар аударылды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары белгіленген мерзімді сақтауды, жұмыс кестесінен кешікпеуді тапсырды.
"Алматы тұрғындары үшін айрықша маңызы бар жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей бақылауында. Сондықтан жұмыс барысын қадағалап, соңына дейін жеткізу қажет", — деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Жылу электр орталықтарын жаңғырту энергия өндіру қуаттарын жаңартып, мегаполисті энергиямен қамту сенімділігін арттырады.