10 айда 6,5 мың есірткі құқық бұзушылығы, оның ішінде үш мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды. 32 тоннадан астам есірткінің, оның ішінде бір тоннадан астам синтетикалық есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді. Сегіз ұйымдасқан қылмыстық топтың, оның ішінде бір трансұлттық қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.
Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 10 жетекшісі мен 43 мүшесі ұсталды. 23 есірткі зертханасы және 94 фитозертхана жойылды. Есірткі контрабандасының 147 дерегі анықталды.
Халықаралық ынтымақтастық аясында екі сыртқы, сондай-ақ ел аумағында 18 ішкі есірткі жеткізу арнасы бақылауда болды.
"Цифрлық кеңістіктегі есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл күшейтілді. "Киберқадағалау" жүйесіне заңсыз контентті 30 мыңға жуық интернет-ресурс енгізілді. 11 мыңнан астам сайт пен жалпы сомасы 283 млн теңгеден асатын 14 мыңға жуық есепшот бұғатталды. ІІМ есірткі қылмысының жолын кесу бойынша кешенді жұмысты жалғастырады", – деді ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Мадияр Сейтжағыпар.