Күздің соңғы күнінде елімізде қар жауып, боран соғады

Снег, снегопад, зима, холод, мороз, заморозки, метель, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2026 15:59 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" 2026 жылғы 30 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидрометтің" болжамына қарағанда, дүйсенбі, 30 қарашада Қазақстанның барлық өңірінде ауа райы құбылмалы болады.

Елдің солтүстік жартысында қар жауып, боран соғады. Ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ пен тұман болады.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында болатын ауа райы болжамын жариялаған еді. Қыстың алғашқы күндерінде елордада ауа температурасы -15°C-қа дейін төмендейді. Алматыда жаңбыр қарға ұласады, ал Шымкентте күн жылы болып, ауа температурасы +12°C-қа дейін жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: