28 қарашада әйел Қарағанды қаласынан жолай көлікпен Нұра ауданының Изенді ауылына қарай шыққан. Содан кейін онымен байланыс үзілген.
Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Сонымен қатар дрондар мен кинологиялық топтар тартылды.
29 қараша күні таңертең жоғалған әйел жергілікті тұрғынның шөп сақтайтын қорасынан табылды. Оған медициналық көмек қажет болмаған.