Алагөзова есінен адасты: КешYou тобының жаңа бейнебаяны қатал сынға ұшырады

“Сиситай” кинокартинасының саундтрегі “Swala la la” деп аталады.

Баян Алагөзованың қыздары тағы ел назарында! 10 жылдан аса тарихы бар атышулы КешYou тобы мүлдем жаңа форматта бейнебаян таспалап, тыңдармандарын шулатты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Сиситай” кинокартинасының саундтрегі “Swala la la” деп аталады. Жаңа бағыттағы тың тректі Баянның қыздары Baller есімді рэпермен бірге орындаған.

Бұл КешYou бұрынғыдан өзгерек! Бұл жолы қыздардың әні ғана емес, образдары да 180 градусқа кері өзгерген. Көк түсті қас, қызыл түсті шаш! Бұған дейін қазақы нақыштағы киімдер киіп, ел жүрегінен орын алған топ қыздары бұл жолы ашық үлгідегі киімімен де көзге түсті.

Бір қызығы, топ қыздары түсірілім барысында ешқандай стилистпен жұмыс істемеген. Бейнебаян желісі, ондағы қыздардың имиджі – түгелімен Баян Алагөзованың идеясы. Бұл туралы КешYou қыздары НТК арнасына берген сұхбатында айтқан болатын.

Алайда топтың жаңа жұмысы тыңдарманның оңды бағасынан үлесті бола алмады. Көпшілік КешYou-дің тың туындысын жаппай сынға алды.

Жағымсыз пікірге қарамастан, Алагөзова бастаған топ діттеген мақсатына жетті деуге болатын шығар. Себебі желіні шулатқан бейнебаянды небәрі бір күнде 220 мыңға жуық адам тамашалап үлгерген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: