Қыдырәлі мен Қарақаттың 1 жасар қызының суреті жұрттың қызу талқысына түсті

Сурет: zakon.kz
Желі қолданушылары кішкентай Аяланың сүйкімділігін айтып, оған жарқын болашақ тілесіп жатты.

Күні кеше Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасы дүркіретіп той жасады. Олар кішкентай қызының 1 жасқа толғанымен қатар, ұлы Айсұлтанның сүндетке отыруын қатар атап өтті. Ал той қонақтары болған жұлдыздар 1 жасар Аяланың суреттерін жарыса жариялап жатты. Өз кезегінде желі қолданушылары бүлдіршіннің кімге ұқсайтынын талқылай жөнелді, деп хабарлайды Stan.kz.

Дүбірлі тойдың қонақтары болған айтыскер Айнұр Тұрсынбаева, әнші Ерке Есмахан 1 жасар Аяламен бірге түскен суреттерін көрсетті.

Ал желі қолданушыларының дені Аяланың үлкен ағасы Бекболаттан аумайтынын жазып жатты. «Тура үлкен ұлы сияқты екен», «Бекболат ағасынан аумайды», «Бекболат ағасы сияқты. Әдемі қыз болайын деп тұр», – деп жазды желі қолданушылары.

Пікір қалдырушылардың арасында бүлдіршінді Қыдырәліге де, Қарақаттың анасына да ұқсатқандар болды.

Сондай-ақ, желі қолданушылары кішкентай Аяланың сүйкімділігін айтып, оған жарқын болашақ тілесіп жатты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы