«Жас қанат-2018» байқауының жеңімпазы анықталды

ҚазАқпарат
Оралдық Риза Мағзом «Жас қанат-2018» XXVII жас орындаушылар конкурсының диломанты атанды.

Астанада «Жас қанат - 2018» жас әншілер конкурсының финалы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

«Алтын қанат» иегері атануы үшін 5 финалист бақ сынады: Бақтияр Ақылбек - Астана, Замира Сағадиева - Астана, Сымбат Сейілханова - Алматы, Риза Мағзом - Орал, Арманай Әбдімомынова - Қарағанды.

Конкурстың ережесі бойынша финалда алдыңғы екі күндегі жетістіктер есептелмейді, конкурсқа қатысушылар толық құраммен «Жас қанат» дәстүрлі әнұранын орындауға шықты. Ал үздік бес орындаушы көрермендер мен қазылар алқасының махаббаты мен сүйіспеншілігіне ие болуы тиіс.

Байқауда «қола қанатты» қарағандылық Арманай Әбдімомынова жеңіп алды.

Оралдық Риза Мағзом «Жас қанат-2018» XXVII жас орындаушылар конкурсының диломанты атанды.

«Күміс қанатты» ең жас қатысушы Замира Сағадиева жеңіп алды. Алматылық Сымбат Сейілханова екінші дипломант болды.

«Жас қанаттың» «алтын қанаты» мен бірінші сыйлықты Бақтияр Ақылбек жеңіп алып, конкурстың жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, байқауға қатысушыларға «Жас қанаттың» жұлдызды түлегі Димаш Құдайберген Қытайдан видеосәлем жолдады. Ол жас орындаушыларды шығармашылық өмірлеріндегі үлкен жеңісімен құттықтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылып, елге кіруіне бес жылға тыйым салынды

Шынар Ақпарова оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды

"Басынан атқан". Қостанайда қызғаныштан ажырасып кеткен әйелін өлтірген ер адам сотталды