Крис Хемсворттың үйіне ұрылар түсті: үш көлік қолды болды

Крис Хемсворт, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 12:07 Сурет: instagram/ChrisHemsworth
Аустралияда белгісіз адамдар Голливуд актері Крис Хемсворттың үйіне басып кіріп, үш көлігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

7NEWS басылымының мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 7 қарашада Байрон-Бей қаласының оңтүстігіндегі Брокен-Хед ауданында болған. Актерге жақын дереккөздердің айтуынша, оның жұбайы Эльза Патаки түнгі сағат 02:00 шамасында иттердің үрген дауысынан оянғанымен, оған мән бермеген.

Таңертең ол бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, беттерін балаклавамен жасырған төрт белгісіз ер адамды байқаған. Олардың екеуінің қолында пышақ болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер қоршаудан асып, гаражға кірген. Олар BYD, Ram және Raptor маркалы үш көлікті айдап кеткен. Кейін полиция екі көлікті тапқан. Үшінші көлікті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Полиция тергеу амалдары әлі жүріп жатқанын хабарлады.

АҚШ-тың Аляска штатындағы Анкоридж қаласында актерлер Антонио Сабато-кіші мен Вирджиния Мэдсеннің ұлы, 32 жастағы Джек Сабато ұсталды. Ол жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен адам өліміне әкеп соққан жол апатына қатысы бар деген күдікке ілінді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: