Рэп оқып, жаңаша стильде ән салған Ерке Есмахан жұртты таңғалдырды

Stan.kz
Нәзік үнімен елді баураған Ерке бұл жолы қазылар алқасын да, көрермендерді де қатты таңғалдырды.

Күні кеше “Жұлдызды жекпе-жек” жобасының кезекті шығарылымы көрерменге жол тартты. Бұл жолы ширек финалда Ерке Есмаханмен бірге жас әнші Ayree сайысқа түсті, деп хабарлайды Stan.kz.

Нәзік үнімен елді баураған Ерке бұл жолы қазылар алқасын да, көрермендерді де қатты таңғалдырды. Ол жаңаша стильде “Жасайықшы селфи” әнін шырқап, тіпті рэп оқыды. Мейрамбек Бесбаев бастаған төрешілер мұны көргенде абдырап қалғандай болды. Тіпті, Нұржан Керменбаев ашқан аузын қайта жаба алмай қалды. Ал Мәдина Сәдуақасова Еркені мұндай қырынан алғаш көріп отырғанын жасырмады.

Өзге төрешілер болса бір ауыздан “Ерке сегіз қырлы, бір сырлы. Қандай әнді берсең де алып шығады”, деп пікір білдірді.

Сондай-ақ, тыңдармандар да төрешілермен келісті. Олар тіпті, “Ерке бұл әнді өз орындаушысынан, яғни Ayree-ден де артық орындады”, – деп пікір білдірген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі