Қайрат Нұртастың “My Universe” әні шетелде хитке айналды

stan.kz
Желі қолданушылары Қайраттың әлемдік деңгейге көтерілген айтып қуанды.

“Май өнивөрс” деп өз елімізде күлкіге айналғанымен, Қайраттың ағылшын тіліндегі әнін шетелдіктер тыңдап жүрген көрінеді. Мәселен, күні кеше желіде әлемге әйгілі балуан Конор Макгрегордың аталған туындыны көлікте тыңдап, би билеп келе жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Көпшілік видео монтаждалған болуы мүмкін деп даңқты балуанның бұл әнді тыңдайтынына күмәнмен қарады. Алайда Гүлзира Айдарбекова “видеоны түсірген өзі” деп желідегі оқырмандарына жауап берген болатын.

Сондай-ақ, Қайраттың көмекшісі Айдын Құдабаев елді елең еткізер тағы бір видео жариялады.

Онда ағылшын жұлдыздары көлікте Қайраттың әнін шама-шарқынша орындап келеді.

Ал оларды видеоға түсіріп келе жатқан қазақ жігіті: “Қайрат, сенің әнің ағылшындар арасында өте танымал”, – деп пікір білдірді.

Бұл орайда желі қолданушылары Қайраттың әлемдік деңгейге көтерілген айтып қуанды.

“Май өнивөрстің” арқасында әлемге танылып кететін болдық”, – деп әзіл-қалжыңы аралас пікір қалдырды оқырмандар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы