Кореялықтар Айдана Меденоваға шет елге шығуға тыйым салды

Stan.kz
Бір жыл бойы жылы жаққа серуендеуге болмайды.

Жаз шықса жағажайға асығатын жұлдыздардың бір тобы шартарапты шарлап жүрсе, Айдана Меденованың шет елге барып демалуға мүмкіндігі жоқ. Отандық өнерпаздың жүріп-тұруына тосқауыл қойған корейліктер көрінеді. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Айдана Меденова корейлік компаниямен келісімшартқа отырғалы әншінің әр қадамы аталмыш елдегі серіктестерінің қадағалауында екен. Әдетте, жаз айларының бірін жанұялық демалысқа арнайтын бикешке, бір жыл бойы жылы жаққа серуендеуге болмайды. Күнге күйіп, жағалауда қыздырынуға тыйым салынған. Бұл қазақ қызына кәрістердің қойған талабы.

“Мен өзім «загар» дегенді жақсы көремін. Бірақ, Кореяда сұлулық талаптары өзгеше. Ол жерде керісінше ақшыл адамдарды жақсы көреді. Келісімшарт бойынша мен өз келбетімді өзгертпеуім керекпін. Қараймау керекпін!” – дейді Меденова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты