Төреғали: Анам Толқынды алмасам, менен бас тартатынын айтты

stan.kz
Бүгінде Төреғали мен Толқын үш қыздың ата-анасы.

Төреғали Төреәлінің жары Толқын бүгінде шоу-бизнестегі ең танымал келіндердің қатарында. Ұлы дала баласы Құдай қосқан қосағын былтырғы жылдың күзінде таныстырды. Алайда одан үш жыл бұрын шаңырағына келін етіп түсірді. “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сұхбат берген Төреғали үйленер кезде басынан өткен қызықты хикаяларын баяндады, деп жазады Stan.kz.

“Әкем маған 17 жасымда бір рет “үйленемін десең үйлен” деп айтқан болатын. Өйткені өзі 19 жасында үйленген. 21-22 жасыма келгенде анам “25 жасыңда үйленесің” деп айтатын”, – дейді Төреғали.

Алайда болашақ келінін алғаш көргенде анасының ойы күрт өзгереді.

“Толқынды көрген соң: “Осы қызды алсаң алдың, алмасаң мені шешең деп есептемей-ақ қой”, деді. 25-ке келгенде үйленесің деп айтушы едіңіз десем, ойынан айнығанын айтты. Мейірхан деген нағашы тағам бар, анамның інісі. Ол да 25-ке келіп үйленді, ештеңе жоқ, бәріне үлгересің деп жүретін. Мен өнерді енді бастап келе жатырмын, ақыры сенің аузыңнан шыққан сөз, тойды 25-ке келіп жасайын дедім. Сондай өзара отбасылық келісім болған”, – дейді Төреғали.

Бүгінде Төреғали мен Толқын үш қыздың ата-анасы. Бір қызығы, әнші перзенттерінің есімін “Т” әрпінен қоюды о баста жоспарлапты. Алайда үшінші мәрте қызды болған соң бұл ойынан айныған көрінеді. Себебі:

“Аллаға шүкір, үш қызым бар. Үлкен қызым – Томирис, екіншісі – Тоғжан, үшіншісі – Фатима. Толқын екеуміз бәрін “Т” әрпінен қыламын деп ойлайтынбыз. Томирис пен Тоғжан туылмай тұрған кезде бұл есімдер біздің ойымызда жүретін. Ал үшінші рет жүкті болған кезде анам “қыз болса Фатима қоямын” депті. Оны кейіннен естідім. Өзі тағы “қыз болса” деп үкілеп сұрап алыпты. Ұл болса былай қоямын деп ойламаған”, – дейді Төреғали.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін