“Жұмақ – ананың табанының астында”. Осы сөзді ұстанатын Төреғали анасының айтқанын бұлжытпай орындауға дайын. Ол, тіпті өмірлік жар таңдау мәселесінде анасының кеңесіне жүгінген. Өмірлік тәжірибесімен бөліскен Төреш жігіттерге өз кеңесін де айта кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Зарина Муслимнің “Сөккен әңгіме” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Анам мен Толқын екеуі бір жақта, мен бір жақта. Екеуі де мамам сияқты. “Қайда жүрсің, қашан келесің?” Ал екеуі қырық пышақ болып жатса болмайды. Болған жағдайда, мама “өзің таңдадың ғой” деп айтады. Сондықтан жігіттерге бір кеңес, келінді ананың өзіне таңдатып алған дұрыс. “Мен мынаны сүйіп қалдым, соны аламын” дегеннен гөрі мамаңа ұнағанын алғанын дұрыс. “Өйткені қатын жолда, бала белде” деген қазақпыз ғой. Ана біреу-ақ, ананы сіз қайтадан туа алмайсыз ғой. Сондықтан Құдайдың берген ең құнды байлықтарын аялауымыз керек”, – дейді Төреғали.
Өнер иесінің айтуынша, бүгінде үш қыз тәрбиелеп отырған Толқынның бойында нағыз қазақ қызына тән қасиеттің бәрі бар.
“Толқын өте білімді, өте сауатты, тәрбиелі қыз. Онымен кез келген тақырыпта ақылдасуға болады. Бірақ өзі бала-шағасымен миы ашып жатқан адамға барып: “Мына әнімді тыңдашы” немесе “Мына жерде қалай тұрмын” дегеннің өзі біртүрлі”, – дейді Төреғали.