Ұятсыз клип түсірген Нұрболат Абдуллин жұрттың көңілін қалдырды

Stan.kz
“Сен мені тыңда” клипінде ашық кадрлар бар.

Қазақы әндерімен әрі қоңыр үнімен көптің көңілін баураған Нұрболат Абдуллин тыңдарманының көңілін қалдырды. Әнші ұятсыз мәнде бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Сен мені тыңда” клипінде ашық кадрлар бар. Сондықтан оны 16 жастан асқандарға ғана көруге рұқсат етілген.

Бейнебаян желісі шытырман оқиғаға толы шетелдік боевиктерге ұқсас. Сапасы да жоғары екені әрі қыруар қаржы жұмсалғаны көрініп тұр. Алайда көрерменнің көңілін табу үшін бұл жеткіліксіз.

Тыңдармандарға Нұрболаттың ерсі қылықтарды ашық көрсетіп, экранға шығарғаны ұнамаған.

“Біздің әншілер жақында төсек қатынасын да көрсететін шығар”, “Нұрболаттың әйеліне сабыр, сабыр”, “Өте-өте жиіркенішті, әндерін тыңдағым келмей қалды, жақсы көретін едім”, – деп шамданды тыңдармандар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы