Әйелінің аяғын сүйген танымал блогер Ержан Рашевтың жұрт дымын қоймады деп жазады sn.kz.
Instagram-парақшасында бөліскен фотосында Рашев жарының аяғын сүйіп тұр. Сурет астына «Көп сөз - ... сөз» деп жазып қойған. Желі қолданушыларының дені оның бұл әрекетін «қазақ жігітіне сай емес қылық» деп отыр.
«Қатынжанды екенсің, ағасы. Ұят мұның. Өшіріп таста», «Не болды сонша аяғын сүйіп? Намыс қайда?», «Онда тұрған не бар? Сүйсе, өз әйелінің аяғы ғой», - деп жазды олар.
Айта кетейік, Ержан Рашевтың Instagram-парақшасына 133 мыңнан астам адам жазылған.