Димаш Лондондағы концертте әндерінің 60 пайызын қазақ тілінде шырқайды

bnews.kz
Өз кезегінде Димаш Құдайберген Лондонда жанды дауыста, оркестрмен отызға жуық ән айтатынын хабарлады.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Айтбаевпен және Димаш Құдайбергенмен кездесіп, 19 қарашада өтетін концерттің жайын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астаналық «Терра балет» тобы, сонымен қатар ұлт-аспаптар ансамблінде керемет өнер көрсетіп жүрген ұл-қыздар барып, біздің қазақтың әндеріне ұлттық реңк пен өң бере отырып, сүйемел жасайды. Осы концерттің ұйымдастырылуына қыз-жігіттер атсалысып, көмектесіп жатыр. Амандық болса, нәтижесін көресіздер. Орындалатын әндердің 60 пайызы қазақ тілінде болады», - деді Қанат Айтбаев.

Өз кезегінде Димаш Құдайберген Лондонда жанды дауыста, оркестрмен отызға жуық ән айтатынын хабарлады. Айта кетсек, осы айдың 19-да Лондонда Димаштың жеке концерті өтеді. Қазіргі таңда Лондон орталығындағы экрандарда қазақстандық әншінің концерті жарнамаланып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді