Үнемі Баян Алагөзованы жамандап жүретін Меруерт Түсіпбаева оның құдағиының құрбысы боп шықты. Бұл туралы әнші өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды sn.kz.
«Ескі досым, Айтқандай Айсәуленің енесі. Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын. Өмірімде жайсыз жағдайлар орын алса немесе өзім не отбасымдағылардың денсаулығы сыр берсе, Диляраға жүгінемін. Мен оның маған деген асқан құрметіне қалай ие болғанымды да білмейді екенмін.
Шынын айтсам, осы күнге дейін мен оған тек ауызша ғана «рахмет» айтып келіппін. Өмірімде басшылық кесірінен адам танымастай өзгерген адамдарды көрдім. Алайда, бұл нәрсе Диляраға қатысты емес. Ол қай жерде болмасын, маған қолдау көрсетуге қашан да дайын. Тағдырға мың да бір рахмет екеумізді жолықтырғанына. Ескі дос жаңа екеуінен де артық екен», – деп жазды Түсіпбаева.
Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Айсәуле Бақытбекті сырға салуға ашық киініп келді деп сынаған болатын. Кейін «Сөздерімді монтаждап, Баянға қарсы қойды» деп журналисті сотқа беретінін мәлімдеді.