Кейде ата-аналар балаларының өміріне тым көп араласып, артық кетеді. Шамадан тыс қамқорлық немесе, керісінше отбасындағы әсіре қатал тәрбиенің салдарынан балалар жалғызсырап, өз-өзіне тығылып, икемсіз, ортаға тез сіңісе алмайтын болып өседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тура осы жағдай ресейлік Анжелика Кенованың басынан өтуде. Әу, бастан оның ата-анасы ұқсас болғандықтан қыздарын Барби қуыршақша киіндіріп, бояндарып, осындай әлемде өмір сүрдірткен. Шынымен де қуыршаққа ұқсастығы үшін бұл қызға миллиондаған адам таңқалып, қызыға қараса, ал ол өзін бақытсыз жанмын деп санайды.
Қуыршақ қыз немесе Барби. Кішкене кезінен Анжелика Кенованы айналысындағылар осылай атайды. Ол өзіне ешқандай пластикалық ота жасалмағанын айтады. Керісінше, қыз бала күннен келе жатқан келбетін сақтау үшін Анжелика қолынан келгеннің барын жасайды екен. Өзі солай дейді.
- "Барби" қуыршақ секілді өмір сүру салтымды мен емес, анам таңдады, - дейді ол.
Бір сұқбатында ол алғаш рет Барби қуыршағын бес жасында көргенін айтқан. Ол өзінің түріне, көзіне ұқсас қуыршақты көргенде таң қалып, тағы бір жағынан оны қатты жақсы көріп қалған. Ал қыз өсе келе қуыршақтай аумай қалады.
Анжелика киетін киімін шешесі таңдап беретінін, фотосессияларды да ұйымдастырып, қызының кіммен дос болу керектігін де анасы шешетінін айтады. "Мен қазір 27 жастамын. Бірақ жағдай өзгерген жоқ. Мен үшін бәрін анам шешеді", - дейді ол.
Рас, Анжеликаның өзіне де қазіргі образы қатты ұнайды. Өйткені әлемде миллиондаған қыз Барби сияқты болуды армандайды, ал ол бұл арманды жүзеге асырып, модель болған жан.
Сұлулығын сақтау үшін, қыз үнемі косметологтарға барады, салауатты өмір салтын ұстанады, жеке жаттықтырушымен аптасына бес рет айналысады және әр күні таңертең жүгіреді.
Ол тілшілермен сөйлеспейді, бойын аулақ ұстайды, сондықтан оның өмірі туралы мәлімет аз. Ал оның айналасындағы алып-қашпа сөздерге сенсек, қуыршақ қыз әлі күнге дейін әке-шешесімен бірге тұрады, сыртқа тек күзетшімен шығады және ешқашан жігітпен жүріп көрген емес.
Тіпті, бір кездесуге Анжелика анасымен барған екен. Ата-анасы қызға жастық шақтағы ең бастысы нәрсе мансап деп түсіндіреді. Сондықтан оның жігіттермен қарым-қатынасы бастапқы кезеңнен үзіліп отырған. Модель қыз романтикаға бой алдырмай, үнемі жұмысты алға қойып келеді.
Оның мансабы, қазір шынымен де дәуірлеп тұр.. Қазір қыздың Инстаграмдағы парақшасына 200 мыңнан астам адам жазылып, оның көптеген жазбалары жарнамалық сипатқа ие.
Соңғы кездері қуыршақ қыз шешініп, ашық-шашық суреттерін де желіге жүктей бастапты.