Димаш АҚШ-қа сапарында БҰҰ-ға бас сұқты

ҚР СІМ
Ол қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасымен кездесті.

Димаш Құдайберген бүгін Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігінде болып, қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан үйіне келгендей болдым ғой", - деп күліп айтты Димаш Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігіне келгенде.

Ол қазақстандық дипломаттармен емін-жарқын әңгімелесіп, өте қарапайымдылығымен, балаларға деген ерекше ілтипатымен ондағыларды тәнті еткен.

Танымал қазақстандық әнші БҰҰ штаб-пәтерінде де болып, алған әсерлерімен БҰҰ Жаңалықтар қызметімен сұхбатында бөлісті.

Ал ол ертең "Вечерний Ургант" бағдарламасына қатысады.

- Енді 9 сағат ұшу керек, Мәскеуге жетеміз. Сау болыңыздар!, - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті

Давид Лория әкесіне іздеу жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады