"Жоқ, Сіз мықтысыз!". Димаш Ирина Аллегроваға гүл ұсынды

Instagram
Өз кезегінде ресейлік әнші Нью-Йорктегі концерттен кейін Димаш туралы көп нәрсені түсінгенін айтып, оған бар жақсылықты тіледі.

Димаш Құдайберген Нью-Йоркте ресейлік композитор Игорь Крутойдың мерейтойлық концертінде өнер көрсетіп, көрермендердің зор қошеметіне бөленді. Димаш осы концерттің сахна артында түсірілген видеосын Инстаграм-дағы парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода сахнада ән салып, ішке оралған Димашты A'Studio тобының мүшелері, Николай Басков, Дима Билан қарсы алып, оны құттықтады. Барлығы оған өздерінің ілтипатын білдіріп, мадақтарын айтты.

Ал Димаштың өзі Ирина Аллегроваға гүл сыйлады. Өз кезегінде ресейлік әнші Нью-Йорктегі концерттен кейін Димаш туралы көп нәрсені түсінгенін айтып, оған бар жақсылықты тіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Backstage after @igorkrutoy65 concert. It is impossible not to respect this ingenious singer for her talent and human qualities. @irinaallegrovaofficial @irinaallegrova.ru

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Желідегілердің бірі ресейлік бір топ эстрада жұлдызы қатысқан бұл концерт туралы былай деп жазды:

"Көрермендер тып-тыныш отырады да бір уақытта шу ете түседі, тағы да тыныштық орнайды да, одан соң бір уақытта бәрі орнынан тұрып қол шапалақтайды. Соған қарағанда оның бәрі тек Димашты көруге келген секілді".

31 қазанда кешке Димаш Құдайберген "Вечерний Ургант" бағдарламасына қатысып, сұқбат береді. Оны Ресейдің Бірінші арнасынан көруге болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды