Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша, соңғы 5 жыл ішінде (2015 – 2019) қазақстандық 150 фильм және 8 сериал түсірілуі тиіс болған, деп хабарлайды zakon.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Іс жүзінде 135 фильм мен 8 сериал түсірілді, тағы 12 жұмыс тапсырылмады, ал 3-еуі бойынша ақпарат жоқ.
2019 жылы 17 фильм түсіру жоспарланған болатын, іс жүзінде тек 11 картина шықты, тағы 6 – әлі шықпады.
Жарыққа шыққан көркем фильмдердің орташа ұзақтығы – 100,5 минут, деректі фильм – 50,1 минут, анимациялық фильм – 37,7 минут. Қысқаметражды фильмдердің орташа ұзақтығы 28,8 минутты құрады.
2019 жылы фильмдердің екі түрі ғана түсірілді: ұзақтығы 117,4 минуттық көркем фильмдер және орташа ұзақтығы 52,6 минуттық деректі фильмдер.
Бес жыл ішінде түсірілген фильмдердің ішінде жанрлар бойынша 57 драма, 75 деректі және 3 анимациялық фильм түсірілді. Соның ішінде 2019 жылы 1 драма және 7 деректі фильм түсірілді. Тағы 3 фильмнің нақты жанры анықталмады.
Фильмдер қай тілде дегенде, 71 фильм қазақ тілінде, 58 фильм орыс тілінде түсірілді. Сондай-ақ, 4 фильм ағылшын тілінде және 1 фильм бірден екі тілде, орыс және қазақ тілдерінде түсірілді. Тағы бір фильмнің тілі туралы ақпарат жоқ.
2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 41,2 млрд теңге сомасына фильмдер мен бейнефильмдер, телебағдарламалар, сондай-ақ фонограммалар мен музыкалық жазбалар өндірісі бойынша қызметтер көрсетілген. Өткен жылдағы көрсеткіш 40 млрд теңге болған.