Мысырда 100-ге жуық саркофаг пен алтын жалатылған мүсіндер табылды

euronews
Ғалымдардың айтуынша, Саққарада жасырулы жатуы мүмкін жәдігерлердің осы уақытқа дейін тек бір пайызға жуығы ғана табылған.

Мысырлық археологтар жүзден астам саркофаг, жерлеуге арналған керек-жарақтар, екі жарым мың жыл бұрынғы ондаған мүсіндерді тапты, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ғалымдар шамамен 12 метр тереңдіктегі үш обаны тапты. Жәдігерлер керемет сақталған болып шықты.

Көптеген саркофагтардан мумия (қатырылған мәйіт)табылды, бірақ бәрінен бірдей емес. Ғалымдар сол аймақтың бір жерінде ағаштан саркофагтар жасайтын үлкен шеберхана болған деп болжайды. Егер оны тапса, бұл мысыртану тарихындағы ең ірі және құнды олжалардың бірі болуы мүмкін.

Сарапшылар көптеген айлар бойы Пирамидалардан оңтүстікке қарай 16 шақырым жерде орналасқан Саккараның алып некрополисінде қазба жұмыстарын жүргізді. Осы маңда Мысыр өркениетінің гүлдену кезеңінде Ежелгі Египеттің астанасы болған Мемфис орналасқан. Ғалымдардың айтуынша, Саққарада жасырулы жатуы мүмкін жәдігерлердің осы уақытқа дейін тек бір пайызға жуығы ғана табылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды