Арман Дәулетияров Muz-TV телеарнасының бас директоры қызметінен өз еркімен кетті

starhit.ru
Дәулетияров 2013 жылдан бастап Муз-ТВ-ның бас директоры болып табылады.

Арман Дәулетияров Ресейдегі Muz-TV телеарнасының бас директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Достар, биыл MUZ-TV арнасына @muztv 25 жас толады. Бүгінгі таңда телеарна ең жоғары деңгейге жетті: телекөрсетілім жағынан көрсеткіші ең жоғары және MUZ-TV жұмыс істеген барлық жылдарда ең жақсы қаржылық көрсеткіштер танытты. Енді еліміздегі ең жақсы музыкалық телеарна деп оны сенімді түрде айта аламыз, сондықтан еш алаңсыз шеткері шығуыма болады. MUZ-TV-ның негізін қалаушының бірімін, алғашқы қадамын тәй-тәй жүріп бастағанда арнаға жұмысқа келдім. Біз 25 жылдың 20 жылын бірге өткердік және менімен бірге артистер мен көрермендердің бірнеше буыны өсіп-жетілгеніне қуаныштымын, - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Дәулетияров 2013 жылдан бастап Муз-ТВ-ның бас директоры болып табылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме