Алматыда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар өтеді

Барлық іс-шараларда карантиндік талаптар, қашықтық және бетперде режимі қатаң сақталады.

Биыл 28 ақпанда қазақтың жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың (1846–1945) туғанына 175 жыл. Атаулы күнге орай Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен бірқатар іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 ақпан сағат 11-00де №6 кітапханада Қазақ халық поэзиясының алыбы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай "Жүз жыл жырлаған жүрек" әдеби-сазды кеші өтеді.

15 ақпан күні, 11:00-де Жамбыл атындағы Қазақстан Жазушылар кітапханасында Қазақ халық поэзиясының алыбы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай "Ұлт мақтанышы – Жамбыл Жабаев" жыр кеші (колониямен); 14:00-де Қазақ халық поэзиясының алыбы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай "Жыр алыбы – Жамбыл" Апталықтың ашылуы. Кітап көрмесінің салтанатты ашылуы; 14:30-да Қазақ халық поэзиясының алыбы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай "Жүз жыл жасаған Жамбыл" ақынның ұрпақтарымен және жазушы Н.Қапалбекұлымен кездесу өтеді.

18 ақпан күні, 11:00-де №4 кітапханада Қазақ халық поэзиясының алыбы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай "Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы" әдеби-портрет кеші өтеді.

19 ақпан, 14:00-де Жамбыл атындағы ҚЖК Қазақ халық поэзиясының алыбы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай "Жамбыл және қазіргі заман" ақынды еске алу кеші, жазушы Н. Ақышпен кездесу өтеді.

23 ақпан, 11:00-де №31 кітапханада Қазақ халық поэзиясының алыбы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай "Жыр алыбы – Жамбылым" әдеби оқу кеші.

23 ақпан, сағат 15:00-де "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК Н. Тілендиевтің мемориалды музейінде (Д. Қонаев көшесі, 96) "Жыр алыбы – Жамбыл" тақырыбында сұхбат ұйымдастырылады. Сұхбат беруші қонақтар: Жұмабай Шаштайұлы – жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі; Бекен Ыбрайым – белгілі балалар жазушысы, ғалым.

24 ақпан, сағат 11:00-де "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында (Алматы қ., Нұркент ы.а. 5/11 Alatau Creative Hub, 3 қабат) "Халық поэзиясының алыбы" тақырыбында шығармашылық кеш ұйымдастырылады. Кеш аясында Ж. Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің "Жүз жыл жырлаған жүрек" атты көрмесі, Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының кітап көрмесі ұйымдастырылады. Кеш қонақтары: Төрткен Кененқызы – Кенен Әзірбаевтың қызы, Салтанат Жамбылова – Жамбыл Жабаевтың немересі, Ж. Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің меңгерушісі, Сәуле Жанпейісова – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қанат Сәден – ҚР Мәдениет қайраткері, Құлкерім Елемес – ақын.

24 ақпан, 11:00-де №4 кітапханада Қазақ халық поэзиясының алыбы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай "Ой – жырым, қызыл тілім, сенің арқаң" әдеби-сазды ревю.

26 ақпан, 10:00-де №10 кітапханада Қазақ халық поэзиясының алыбы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай "Жыр алыбы Жамбыл" әдеби-сазды кеші

26 ақпан, 17:00-де Қазақстан Жазушылар кітапханасында Қазақ халық поэзиясының алыбы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай "Жамбыл – жыр мұхиты" поэзия кеші өтеді.

26 ақпан, 10:00-де С.Бегалин атындағы ОҚБК Қазақ халық поэзиясының алыбы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай "Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым" поэзия сағаты өтеді.

26 ақпан 15:00-де №24 филиал Қазақ халық поэзиясының алыбы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай "Жүз жасаған бәйтерек!" әдеби оқу өтеді. Оған қоса Алматы қаласы ОКЖ қарасты көптеген кітапханаларда кітап көрмесі ұйымдастырылады.

8 сәуір, сағат 15:00-де "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК Н. Тілендиевтің мемориалды музейінің Ж. Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде "Атадан қалған асыл мұра" тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылады. Көрме қонақтары: Жамбыл Жабаевтың ұрпақтары.

1-4 мамыр аралығында "Мемлекеттік қуыршақ театры" КМҚК Алматы және Жамбыл облысының қалалары мен елді-мекендеріне гастрольдік сапар жоспарлауда. Гастрольдік сапар аясында "Арыстанның үрейін қалай емдейміз?" қойылымы және мектеп оқушыларына қуыршақ жүргізуден шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.

6 мамыр, сағат 17:00-де "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде (Алматы қ., Зенков к. 24а) «Ұлы даланың алып жыршысы» тақырыбында жыр кеші ұйымдастырылады. Кеш аясында танымал жыршылар өнер көрсетеді.

11 маусым, сағат 15:00-де Алматы музейінде ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Ж. Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің қатысуымен "Ж. Жабаев – Ұлы дала абызы" атты көрме және Жамбыл ұрпақтарымен кездесу ұйымдастырылады.

12 қыркүйек күні, 15:00-де "Мемлекеттік қуыршақ театры" КМҚК көрермендер мен оқырмандарға ақын жырларын дәріптеу мақсатында С.Бегалин атындағы балалар кітапханасымен "Жамбыл Жабаевтың балаларға арналған өлеңдері" тақырыбында онлайн-сұхбат ұйымдастырылады. Спикер – театр артисі, Мәдениет қайраткері – Марал Тәуекелова.

26 қазан, сағат 15:00-де "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінде (М. Төлебаев көшесі, 125) "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Ғасырлармен үндескен" атты әдеби кеш өтеді. Кеш қонақтары: Ж. Жабаев әдеби-мемориалдық музейінің меңгерушісі С. Жамбылова мен белгілі ақын-жазушылар. Кеш модераторы – Ә. Қайырбеков, ақын, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты.

Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Ақынның таңдамалы туындылары халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, өлеңдерін мәнерлеп оқып оқырман назарына ұсыну. Оның өмір жолынан естеліктер айтылып, ұрпақтарымен кездесулер болады.

Барлық іс-шараларда карантиндік талаптар, қашықтық және бетперде режимі қатаң сақталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: