Түркияда әлемдегі ең көне ғибадатхана кешендерінің бірі - Гебекли Тепенің (Шаңлыурфа провинциясы) маңынан ғалымдар бірден 11 ежелгі керемет орынды тапты, деп хабарлайды zakon.kz.
РИА Новостидің хабарлауынша, археологтар қолдан жасалған 11 үлкен төбені тапқан.
Daily Sabah газетінің жазуынша, төбешіктер шамамен 12 мың жыл бұрын салынған құрылыстарды 100 шақырым қашықтықта қоршап тұр.
Ғалымдар бұл аймақты "12 төбешік" және "Түркияның оңтүстік-шығысындағы пирамидалар" деп атады. (...) Бұл аймақтың ерекше мәдениеті бар, - деді Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой.
Сондайақ ол төбешіктерде жүргізілген зерттеу жұмыстары аяқталуға жақын екенін және егжей-тегжейлі есепті қыркүйек айында археологтар жариялайтынын айтты.
Гебекли Тепе 2011 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген, оны 1963 жылы Ыстамбұл мен Чикагодан келген археологтар ашқан.
1995 жылы ғалымдар бұл жерлерде неолит дәуірінің биіктігі 3-6 метр және салмағы 40-тан 60 тоннаға дейінгі Т-тәрізді маңдайшаларды, сондай-ақ әр түрлі артефактілерді, мысалы, адамның 12 мың жыл бұрынғы кішкентай мүсіндерін тапты.