Роза Рымбаева Иманбек жайлы өз сөзіне қатысты пікір білдірді

365.info
Алайда Роза Қуанышқызымен бұл тақырыпта кеңінен сөйлесу мүмкін болмапты.

Роза Рымбаеваның Иманбек жайлы айтқаны әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, көптің көңілін күпті етті. Желідегілердің пікіріне қатысты көзқарасын білу үшін "Экспресс-К" басылымындағы әріптестеріміз әншінің өзіне хабарласа алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алайда Роза Қуанышқызымен бұл тақырыпта кеңінен сөйлесу мүмкін болмапты. Дегенмен сөзді былайша қысқаша қайырған:

"Түсініктеме берудің қажеті жоқ. Жалпы Иманбек жайлы сөз айтудан бас тартамын. Мен алдында журналистерге сұқбат бердім, ал енді оны көпіртіп, мені былыққа батырудың қажеті жоқ, дұрыс па? Айттым ба, бітті! Келісе ме, келіспей ме, біреу қарсы бола ма немесе жақтай ма, онда менің шаруам жоқ!, деп түсіндірді Роза Қуанышқызы.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаева өз сұқбатында Грэмми сыйлығын алған диджей тек "керекті уақытта керек жерден табыла қалған" және "оның жай ғана жолы болып кетті" деп айтып, бұл пікір әлеуметтік желілерде қызу талқыға салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды