Қазақстан мектептерінде хиджап киюге бола ма - ресми өкіл жауабы

Бұл ретте ол ел Конституциясында Қазақстанның зайырлы мемлекет екені нақты жазылғанын еске салды.

Мемлекеттік болсын, жекеменшік болсын, кез келген мектепте хиджаб кию ел заңдарына қайшы. Бұл туралы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Білім министрінің 2016 жылғы бұйрығына сәйкес, мектеп формасына қойылатын талаптар, білім стандарттары бар, біздің елдің азаматтары бұл бұйрықты және жалпы алғанда біздің елдің заңдарын орындауы тиіс, - деді Ержан Нүкежанов ОКҚ-да өткен брифингіде.

Бұл ретте ол ел Конституциясында Қазақстанның зайырлы мемлекет екені нақты жазылғанын еске салды.

Мектепке баратындардың барлығы Білім және ғылым министрінің бұйрығын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және еліміздің Конституциясын орындауы тиіс. Бұл заңдар жекеменшік немесе мемлекеттік екеніне қарамастан барлық мектептерге қолданылады. Қолда бар стандарттар да барлық мектептерге қолданылады. Егер осы негізде заң бұзушылық фактілері болса, аймақтардағы білім басқармасына, біздің комитетке немесе Білім және ғылым министрлігіне хабарласуға болады. Егер мысалға келтірілген нақты жағдай орын алса, біз өз заңымыздың сақталуын қарастыруға және оны қамтамасыз етуге дайынбыз, - деп атап өтті Дін істері комитетінің басшысы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: