Қазақстандық әнші ресейлік шоудың тәлімгерлерін тәнті етті

видеодан алынды
Қазақстандық Стиви Уандердің Part-Time Lover әнін орындады. Шоудың барлық тәлімгерлері оған бұрылды, яғни Дима Билан, Пелагея, Александр Градский және Леонид Агутин.

Әміре деген лақап атымен танымал қазақстандық әнші Ернар Садырбаев "Голос" ресейлік шоуының барлық тәлімгерлерін қуантты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық Стиви Уандердің Part-Time Lover әнін орындады. Шоудың барлық тәлімгерлері оған бұрылды, яғни Дима Билан, Пелагея, Александр Градский және Леонид Агутин.

Part-Time Lover 1985 жылы In Square Circle альбомынан синглы ретінде жарыққа шықты. Қазіргі уақытта бұл - Уандердің Billboard Hot 100 тізіміндегі көшбасшы болып тұрған соңғы әні. Альбом Грэмми жүлдесін жеңіп алды, ал осы әні арнайы номинацияны еншіледі, бірақ ол Фил Коллинздің No Jacket Required әнінен ұтылып қалды.

Мелисматикаңыз тамаша! Соншалықты еркін, өзіңіздікі секілді! – деп Пелагея Әміренің вокалдық қабілетіне тәнті болды.

Агутин өз әріптесін қолдай кетті.

Дегенмен, бұл тұрғыда Қазақстанға әбден арқа сүйеуге болады, – деді ол.

Қазақстандық ақырында Биланды тәлімгер ретінде таңдады.

Қиын-ақ. Шынымды айтсам, бұлай болады деп ойламаппын (тәлімгерлердің бәрі бұрылады деп – ред.)... Дима Билан, – деді Әміре.

Айта кетелік, Әміре "Славян базары" байқауының жеңімпазы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды