Ридли Скотт ресейлік кино сыншыны балағаттап жіберді

Кино сыншы бағдарламада режиссердің әртістермен арадағы жұмыс істеу принциптерін ашады.

Желіде "Кино өнері" журналының бас редакторы және кино сыншысы Антон Долиннің режиссер Ридли Скоттан алған сұқбатының үзіндісі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онда әйгілі голливудтық кинорежиссер ресейлік журналистті боқтай салады. Алайда, неге екені белгісіз, сұқбаттың орысша аудармасында ол арасы сыпайы түрмен берілген.

3 желтоқсанда кино сыншы Антон Долин YouTube-тегі "Радио Долина" деген өз бағдарламасының жаңа шығарылымын жариялады. Ол оны "Алабөтен", "Гладиатор", "Қылыштың жүзінде", "Марсианин" және басқа да көптеген фильмдерді түсірген режиссер Сэр Ридли Скоттың творчествосына арнады.

Бағдарламада Долин Скоттың шығармашылығын үш ампулада жеке-жеке қарастырады: "фантаст", " тарихшы" және "біздің замандас". Сонымен қатар, кино сыншысы режиссердің әртістермен арадағы жұмыс істеу принциптерін ашады.

Sir, f...k you ("Мырза, с...ш", - дейді. ред.)", – деп жауап берді Скотт өзі ойнаған "Соңғы дуэльді" "Аспан патшалығы" және "Робин Гуд" фильмдерімен салыстырып, оны режиссердің туындылары ішіндегі шынайысы деп атаған Долинге.

Бұл жайт видеоның субтитрлерінде мүлдем басқаша аударылған. Онда режиссер кино сыншыға: "Сіз қателесесіз, сэр. Мен сізбен келіспеймін", – деп келтірілген. Долин кейінірек өзінің Facebook-тегі парақшасында әйгілі режиссердің бұлай етуіне белгілі бір себептер болғанын жазды. "Соңғы дуэль" картинасы ортағасырлық Франция және рыцарь Жан де Карруждың шым-шытырман оқиғасына өрілген ортағасырлық сот процестеріне арналған. Басты рөлдерді Мэтт Дэймон мен Адам Драйвер сомдады.

Ресей
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: