"Аватар" әлемі туралы жаңа мультсериалдың тизері жарық көрді
Сурет: paramountplus
Жаңа жоба "Легенды об Аанге" және "Легенды о Корре" мультсериалдарының жалғасы болады. Оның авторлары ретінде тағы да Майкл ДиМартино мен Брайан Кониецко жұмыс істеген.
Оқиға желісі Жер патшалығының егіз қыздары төңірегінде өрбиді. Солардың бірі – келесі Аватар. Сюжет бойынша әлем алапат апаттан кейін күйреп қалған. Бұл қасіретке Корраны кінәлағандықтан, адамдардың Аватарларға деген сенімі жоғалып, оларды жек көре бастаған. Соның салдарынан басты кейіпкер үнемі қауіп-қатердің ортасында жүреді.
"Аватар: Семь убежищ" мультсериалының тұсаукесері 9 қазанда Paramount Plus платформасында өтеді. Барлығы 26 сериядан тұратын екі маусым бір күнде көрерменге ұсынылады.
Бұған дейін Анджелина Джоли мен Брэд Питтің қызы әкесінің тегінен ресми түрде бас тартпақ екенін жазған болатынбыз.