Анджелина Джоли мен Брэд Питтің қызы әкесінің тегінен ресми түрде бас тартпақ

Анджелина Джоли мен Брэд Питтің қызы әкесінің тегінен ресми түрде бас тартпақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 12:39 Сурет: Х/PopCrave
Танымал экс-жұбайлар Анджелина Джоли мен Брэд Питтің 18 жастағы қызы Вивьен Маршелин Джоли-Питт Лос-Анджелес сотына әкесінің тегін ресми түрде алып тастау туралы өтініш берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

People басылымының мәліметінше, енді ол Вивьен Маршелин Джоли деген есімді пайдалануды жоспарлап отыр. Сотқа тапсырылған құжаттарда тегін өзгертуге "жеке жағдайлар" себеп болғаны көрсетілген.

Бұл мәселеге қатысты сот отырысы 2026 жылғы 2 қарашаға белгіленген.

Айта кетейік, Вивьен бұған дейін де кәсіби қызметінде әкесінің тегін қолданбаған. 2024 жылы ол анасымен бірге продюсерлік еткен The Outsiders Бродвей мюзиклінің бағдарламасында Вивьен Джоли деген атпен көрсетілген. Онда "Питт" тегі мүлде жазылмаған.

Вивьен – Анджелина Джоли мен Брэд Питтің әкесінің тегінен заңды түрде бас тартуға әрекет жасаған төртінші баласы.

Бұған дейін оның бауырлары Мэддокс, Захара және Шайло да осындай рәсімді бастаған. Захара Марлидің тегін өзгерту туралы өтініші 2026 жылғы 28 қыркүйекте, ал Мэддокс Чиванның өтініші 14 қыркүйекте қаралады.

Еске салсақ, Анджелина Джоли мен Брэд Питт 2016 жылы айырылсқандарын мәлімдеген болатын. Алайда, ажырасу процессі ұзаққа созылып, 2024 жылы ресми түрде аяқталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: