Өздеріңіз білетіндей, елордада «омикрон» штамын жұқтыру деректері анықталды. Қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қала тұрғындарының маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтамауымен, вакцинацияны ескермеуімен байланысты, бұл қала аумағында «омикрон» контагиозды штамының тез таралуына ықпал етеді және шектеу, карантин шараларын қатаңдатуды талап етті.Астананың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова
ҚР Бас санитарлық дәрігерінің «қызыл» аймақ бойынша қаулысына сәйкес шектеулерден басқа, елордада тыйым салынған:
Ashyq жобасына қатысушы объектілерде 30 адамға дейін ас беруді қоспағанда, ашық ауада да, үй ішінде де, отбасылық, естелік іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды өткізуге;
Ashyq жобасына қатысқанына қарамастан, филармониялардың, театрлардың, концерт залдарының, цирктердің, кинотеатрлардың; діни бірлестіктер: мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар объектілерінде және аумағында ұжымдық іс-шаралар өткізу.
Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану объектілерінде конференциялар, көрмелер, семинарлар, форумдар өткізуге, түнгі клубтардың қызметіне, караоке, барларға қызмет көрсетуге тыйым салынды.