Димаш «Қазақстанның жыл артисі» номинациясын жеңіп алды

Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash
Жыл сайын Қазақстанда Ticketon Award премиясы өтеді. Биыл бұл байқауда «Қазақстанның жыл артисі» номинациясы бойынша Димаш Құдайберген жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ticketon Award – жыл сайын еліміздегі мәдениет, өнер және спорт саласындағы азаматтарды марапаттайтын премия. Биыл да кино, театр, спорт, концерттік қызмет, бизнес және қоғам саласындағы танымал қайраткерлер түрлі номинацияларда ұсынылды. Дауыс беруге барлығы 50 мыңға жуық адам қатысты.

Dimashnews.com cайтының мәліметінше, Концерттік қызмет бөліміндегі «Қазақстанның жыл артисі» номинациясына Imanbek, The Limba, «Ирина Кайратовна» шығармашылық бірлестігі, стендапер Сәуле Юсупова, актер Евгений Чебатков, «Ninety One» тобы, әнші Yenlik және музыкант Димаш Құдайберген ұсынылды.

Нәтижесінде «Қазақстанның жыл артисі» номинациясын Димаш Құдайберген жеңіп алды.

Бұл Димаштың Ticketon Award премиясындағы алғашқы сыйлығы емес. Осыған дейін әнші «Қазақстанның жыл артисі» және «Жылдың эстрадалық концерті» номинациясында көшбасшы болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі