Атырауда Алтын Орда дәуіріне тиесілі болуы мүмкін көне қалашық табылды

Сурет: primeminister.kz
Атырау облысының Махамбет ауданында көне қалашықтың орны табылды. Ғалымдар оны Алтын Орда дәуіріне тиесілі болуы мүмкін деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақпараттың мәліметінше, көне мекен Сарайшық қалашығынан 25 шақырым жерде орналасқан. Аумағы – 100 гектар. Қалашық орнында «Сарайшық» мемлекеттік музей-қорығының ғалымдары археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған Ресейден келген ғалымдар да тартылған.

Археологтер көне қалашықты зерттеу мақсатындағы қазба жұмысы кезінде мазарға ұқсас нысанды тапқан. Оның іргетасы, төменгі қабаты сол күйінде сақталған.

Бұл мекеннен қыш құмыралар, тиындар, орта ғасырдағы жәдігерлер, ХІV ғасырдың тиындары табылып отыр. Бұл – Қазақстан тарихына қосылған зор үлес. "Сарайшық" мемлекеттік музей-қорығының директоры Әбілсейіт Мұхтар

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуовтің айтуына қарағанда, кейінгі екі жылда 10 шақты қалашық пен елді мекеннің орны ашылған. Сол қалашықтар арқылы Ұлы Жібек жолы бойындағы Сарайшық қалашығынан үш бағытқа шығатын керуен бағыты анықталып отыр.

Қазір Қарағайлы деген жерден шағын көне қалашықтың орны табылды. Жердің бетінде жатқан көне заттардың сынықтарына қарағанда, бұл мекенді Алтын дәуіріндегі қазақ хандығының қалашығы деп топшылауға болады. Мадияр Елеуов
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы