Деректі фильмде Тараздағы жиырма оқушының актерлік шеберлік пен көлеңкелі театр өнері бойынша білім алған сәттері бейнеленген.
Сурет: Алма Аллина
Бұл бастама халық үшін, балалар үшін қолға алынған. Пайда табуды емес, бірінші кезекте шалғай ауылдардағы қазақ балаларының шығармашылығын дамытуды көздейді, – дейді жоба продюсері Алмас Жали.
Фильмге түскен оқушылардың бірі Бақытжан Бақдәулет актер болуды кішкентай күнінен армандап келе жатқанын айтты. Фильм арқылы ол болашақта актер болуға шындап бел буыпты.
Көптің көңілінен шыққан жоба алдағы уақытта өзге қалалар мен ауылдарда жалғасатыны қуантты. Бұл сүйінші хабарды жоба режиссері Қуаныш Бейсеков жеткізді.
Сурет: Алма Аллина
"Кел, балалар, оқылық" сол жобаның жалғасы ретінде жасалыпты. Онда жоба ұйымдастырушылары биге икемі бар балаларды Тараздан іріктеп алып, олармен бірге көлеңкелі театр жасап, олар жайлы деректі фильм түсіріпті.
Бұл фильм жас балалар туралы болғанымен, ересектерге де арналған деп ойлаймын, себебі біз өсе келе балалық шақтағы арманымызды өрбітеміз. Балалар кедергіге жолықса, осы деректі фильмді көріп, күш жинайды деген үміттеміз. Таразбен тоқтамаймыз, әлі де басқа қалалар мен ауылдарға барамыз. Режиссер Қуаныш Бейсеков
Сурет: Алма Аллина
Маған Қуаныш хабарласып, "бір қызық жоба бар, сені сол жобаға қосып қойдым" деген күн өмірімдегі бақытты күндердің біріне айналды. Туған қалама келіп, түсірілімді бастадық. Мұндай жобамен өмір бойы айналысуға дайынмын. Балалармен жұмыс істеу деген өте керемет дүние.Блогер Жеңіс Омаров
Айта кетерлігі, жиырма оқушының арманына қанат бітірген жобаны Jusan Bank қаржыландырыпты. Jusan Bank маркетинг департаментінің директоры Дана Дүйсекова бұл Қуаныш Бейсековпен бірге атқарылған екінші жоба екенін айтты.
Біздің басты мақсат – кішкентай қазақстандықтардың шығармашылық мамандықтарға қызығушылығын оятып, өзін жаңа бағытта байқап көрулеріне ынталандыру, – дейді банк өкілі.
Оның айтуынша, алғашқы жоба жазда Алматы облысының Жалаңаш ауылында іске асырылыпты.
Екінші жобаны қолға алу ол кезде ойымызда болмаған. Алайда алғашқы жобаның қоғамға тигізген пайдасын, оқушылардың ерекше қызығушылығы оянып, шығармашылыққа, өмір жолын таңдауға құлшынысы артқанын көргенде, бұл бізді одан әрі шабыттандыра түсті. Бірінші жұмысымыз Jusan Bank-тегі бағдарламалаушыларды да қызықтыра түсіп, олар "Кел, балалар, оқылық IT" деп аталатын ұқсас жобаны жүзеге асырды. Ауылға барып, екі күн бойы бағдарламалаушы мамандығының қыр-сырын оқушыларға үйретті.Jusan Bank маркетинг департаментінің директоры Дана Дүйсекова
Ол жобаны жылына кемінде екі рет өткізу көзделгенін айтты.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.