Астана, сәлем! Кеш жарық, қадірлі көрермен! Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын, – деп ресейлік әнші алдымен көрерменмен қазақша амандасып алды.
Әнші қанша жылдан бері келіп жүрген елдің тілінде қатты сөйлегісі келгенін айтты. Сол үшін қазақша бірнеше сөз жаттап алыпты. "Мекепті "алтын медальға" бітіргенім бар. Соны кәдеге жаратуым керек қой. Бұл ойым іске асты" деген әнші әрі қарай қазақша сөйлей жөнелді.
Осындай керемет залда сіздермен бірге болу – маған үлкен мәртеде. Сіздердің алдыңызда өлең айту – мен үшін үлкен бақыт. Менің елу жылдық мерейтойыма арналған әлемдік тур Астанада жалғасып жатқанына қуаныштымын, – деді Ресейдің эстрада жұлдызы.
Залдағы халықтың қошеметі қанаттандырды ма "мұнымен біткен жоқ" деген Филипп Киркоров қазақша әңгімесін ары қарай жалғай түсті.
Сіздердің қонақжай жеріңізде осы кеш естеріңізде қалу үшін мен бар күшімді саламын, – деді ол.
"Тегім болгар, жаным орыс бола тұра, сіздің туған тіліңізде сөйлеу – мен үшін зор мәртебе" деген әншінің ана тілімізге деген құрметіне көрермен қошеметпен алғысын білдірді.