"Хабар 24-тің" мәліметінше, іргелі зерттеу еңбекте қазақ билеушілерінің мемлекеттілікті, аумақтық тұтастықты және ұлттық бірлікті сақтау жолындағы дипломатиялық қызметі тарихи деректер арқылы жан-жақты сараланған.
Мәселен, қазақ хандарының көрші елдердің билеушілерімен хат алмасуы ішкі-сыртқы жағдайдан хабардар болып, барыс-келісті жалғастыруға ықпал еткен. Кітапта Абылай сұлтанның, барымтаға қатысты орыс өкіметімен үнемі хат алысып тұрғаны жайлы дерек келтіріледі. Монографияны жазу барысында ғалым Қытайдың әскери кеңесінің қорында сақталған мәнжу тіліндегі деректерге басымдық береді.
Қытайда "военный совет" деген болды. Ол - құпия кеңес. Қытайлар білмесін деп мәнжу тілінде жазатын. Ең құнды архив сол "военный советтің фондында". Екінші қор жоңғарлардікі. Қалмақтардікі де бар. Сонда қазақпен қатынасы туралы барлығы өте көп құжаттар бар. Қытайтанушы ғалым Клара Хафизова