Астанада baitursynuly.kz сайтының таныстырылымы өтті

Сурет: Facebook/Ахмет Байтұрсынов атындағы мұражай
Іс-шараны "Қазақ" газетінің 110 жылдығына орай ҚР ҒЖБМ Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық-ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласында baitursynuly.kz сайтының таныстырылымы және ұлт ұстазының қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде тұңғыш рет жарық көрген таңдамалы шығармаларының, сондай-ақ ғылыми экспедицияның "Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек" атты қорытынды жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараның шымылдығын Орталықтың бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов ашты. Ол өз сөзінде, ұлы ғалымның кейінгі ұрпағына қалдырған асыл мұрасы – барша халқымыздың баға жетпес құнды байлығы деп атап көрсетті.


"Ахмет Байтұрсынұлы "Қазақ" газетінің бастауында тұрған тұлға ретінде отандық баспасөздің одан кейінгі дамуына кең өріс ашып берді. Ұлт ұстазының өнегелі өмір жолы – Отанға адал да қалтқысыз қызмет жасаудың өшпес үлгісі. Алаш арысының есімін мәңгі есте сақтап, оның жасампаз ісін жалғастыру – біздің борышымыз". Ербол Тілешов

Іс-шара барысында "Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көпшілік көзайымына айналған жауһар жәдігерлердің тұсаукесер рәсіміне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік ғылыми ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті