Павлодарда қазақ тілін үйрететін тегін курсқа жазылушылар саны күрт арта бастаған

Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2022 жылы қазақ тілін оқуға ниет білдірушілердің көптігіне байланысты курстар екі рет, яғни ақпан-сәуір және қазан-желтоқсан айлары аралығында ұйымдастырылғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал, биыл тіл курсы, әзірге үш айға ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне сілтеме жасап.

"Облыс орталығында тіл курсы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бұған түрлі санаттағы азаматтар қатыса алады. Үш айлық курстар тұрғындар үшін қолайлы уақытта онлайн және офлайн режимде өтеді", делінген хабарламада.

Бөлімнің мәлімдеуінше, 2022 жылы қазақ тілін оқуға ниет білдірушілердің көптігіне байланысты курстар екі рет яғни   ақпан-сәуір айлары мен қазан-желтоқсан айлары аралығында ұйымдастырылған.

Жалпы өткен жылы тегін курстарда 355 адам оқудан өткен. 

Курсқа 65-23-63 телефоны немесе 87015269321 ватсап нөмірі бойынша жазылуға болады.

Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: