Қазақ телевизиясында әр жылдары қызмет еткен ардагер-журналистер марапатталды

Сурет: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Қазақ телевизиясында әр жылдары қызмет еткен ардагер-журналистер, дикторлар, режиссерлfр мен спорт комментаторлары мерейтойлық медальдармен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда журналист Қажы Қорғанов, Гүлмәрия Барманбекова, Құсыман Игісінов, редактор Молдабек Сағымбек және режиссер Күлнаш Қошанова «Еңбек ардагері» медалімен марапатталса, ардагер-дикторлар Ласкер Сейітов пен Мәриям Айымбетоваға, ұзақ жылдар ақпараттық редакцияға жетекшілік еткен ардагер журналист Төлеубай Қаймолдиновке, тележүргізуші Баян Секербаеваға, дыбыс режиссерлері Қайрат Тойшыбеков пен Рысты Сәкеноваға және басқа да «Қазақстан» РТРК» АҚ ардагерлеріне «Қазақ телевизиясына 65 жыл» мерейтойлық медалі табысталды.

"Ұлттық арна - қазақ телевизиясының ұлағатты ұстаханасы, құтты қарашаңырағы. Осы телеарнаның эпопеясында, телевизия «Алтын қорында» әрқайсыңыздың қолтаңбаңыз қалды. Бүгінде бірнеше арна мен радионың басын қосқан Корпорация Сіздердің ұлағатты істеріңізді жақсы жалғастырып келе жатыр. Арнаның даму жолындағы еңбектеріңізге ризашылығымыз шексіз", - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.

Мұндай шара «Qazaqstan» телеарнасының 65 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті